Ер есімі – ел есінде!

Ер есімі – ел есінде!

✔️Жеңіс күні қарсаңында Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі қатарымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ақпарат ұсынады.

Александра Тихоновна 1925 жылдың 12 қазанында Исса ауданына қарасты Николаевка ауылында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанды. Осылай құрылыс бригадасының құрамында көпірлер тұрғызды. Алғы шептің дәл жанында жиі жұмыс істеді. Жас қыздың нәзік иығына ауыр әрі ер азаматтарға тән жұмыс артылды. Мұндай сынаққа бәрі бірдей шыдай алған жоқ. Әсіресе Днепр өзенінің үстінен салынған көпір аса қиын жағдайда жарты жыл бойы, күндіз-түні салынып, ерекше төзімділікті талап етті.

Соғыс жылдарының бар ауыртпалығы осы бір жас қыздың жүрегі мен қолынан өтті. Жеңіс күнін Александра Тихоновна Польшаның Новы-Сонч қаласында қарсы алды. Соғыстан кейін туған ауылына оралып, өмірін отбасы мен екі қызын тәрбиелеуге арнады.

1953 жылы әкесінің інісінің шақыруымен Қазақстанның Ақтөбе қаласына көшіп келді. Мұнда балабақшада тәрбиеші, кейінірек қалалық училищеде комендант болып қызмет етті.

2019 жылдың соңына дейін Ақтөбеде немересінің қолында тұрды. Кейін ол отбасын құрып, Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласына қоныс аударған соң, Александра Тихоновна да қызының қолына көшіп келді. Қазір де ол жанындағы жақындарының қамқорлығында, сый-құрметке бөленіп отыр.