
✔️Жеңіс күні қарсаңында Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі қатарымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ақпарат ұсынады.
Рахимов Курмат Рахимұлы 1924 жылдың 17 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Қызылтас ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Курчатов орта мектебін бітіріп, «Ленинск» кенішіндегі шахтада жұмыс істеген.
1942 жылдың 2 тамызында Қызыл армия қатарына шақырылды. Соғыс жылдары Курмат Рахимұлы Литва мен Беларусьті азат етуге, Кёнигсберг қаласын алуға қатысып, 1-Прибалтика және 3-Белорус майдандарының құрамында ерлік көрсетті. Жеңіс күнін Кёнигсбергте қарсы алды.
Ерен ерлігі мен батырлығы үшін Рахимов Курмат Рахимұлы II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кёнигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық марапаттармен наградталған.