
3 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай «Көктем Жеңісі» атты жылжымалы концерт ұйымдастырылады және Кеңес Одағы Батырларының құрметіне аталған 5 көшеде мереке өтеді.
Жылжымалы концерт бағдарламасында музыкалық және театрландырылған қойылымдар, соғыс жылдарындағы әндер және тағыда басқа көптеген шаралар қамтылған.
Концерттік колоннаның бағыты:
⏰ 10:00 – Әлия Молдағұлова көшесі (автобус аялдамасының соңғы тұрағы алаңы).
Қозғалыс бағыты: Энтузиастов, И. Айтыков көшелері бойынша.
⏰ 10:40 – Ызғұтты Айтыков ескерткіші (гүл шоқтарын қою).
Қозғалыс бағыты: Самар тас жолы, Рейша, Қазыбек би, Есенберлин даңғылы, Үтепов, Сәтпаев даңғылы, Ертіс көпірінен Желтоксан көшесіне түсу, одан әрі Новаторлар мен Мыза көшелерімен.
⏰ 11:00 – Владимир Мыза көшесі («Гостиный двор» алаңы).
Қозғалыс бағыты: Шәкәрім, Гоголь көшелері, Достық үйі, Гагарин бульвары, Карбышев көшесі.
⏰ 13:00 – Дмитрий Карбышев көшесі («Самал» саябағының автотұрағы).
Қозғалыс бағыты: Студенттер қалашығы, Астана даңғылы, Ульба көпірі, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі арқылы.
⏰ 14:00 – Арбат – Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров атындағы көшелер мерекесі.
Барша қала тұрғындарын осы ұлы Жеңіс күнін бірге атап өтуге шақырамыз!