❗️❗️❗️❗️❗️Көпір асты өткелдердің уақытша жабылуы туралы ақпарат
Үлбі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Протазанов көшесі бағытындағы көпір асты жолдар уақытша жабылады. Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды.
Су деңгейін бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынуда. Уақытша шектеулер жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталмақ.
📎Қалған учаскелер су деңгейінің көтерілуіне қарай, қажеттілігіне байланысты жабылатын болады.
Кептелістер мен қолайсыздықтар болмас үшін, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.