
⚡️Қанат Бозымбаев Өскемен энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы бірқатар энергетикасының стратегиялық нысандарын аралады.
⚡️Сапардың алғашқы нысандарының бірі – «Өскемен ЖЭО» ЖШС болды. Бүгінде станцияның белгіленген қуаты жылу бойынша 859,9 Гкал/сағ және электр энергиясы бойынша 372,5 МВт құрайды. Кәсіпорында 75-тен 500 тоннаға дейінгі өнімділігі бар 9 қазан агрегаты және 4-тен 120 МВт-қа дейінгі қуаттылығы бар 8 турбоагрегат жұмыс істейді. ЖЭО-да 600-ден астам адам еңбек етеді. Алдағы уақытта №13 жаңа турбоагрегат пен №16 қазан агрегатын салып, қоршаған ортаға таралатын зиянды шығарындыларды азайту үшін ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, жаңа күл үйіндісін салу және негізгі бу құбырын жаңарту жоспарлануда.
⚡️Жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары «Согра ЖЭО» ЖШС-не де барды. Станцияның белгіленген қуаты жылу бойынша 168 Гкал/сағ, электр энергиясы бойынша 75 МВт құрайды. Қолданыстағы қуаты – 108 Гкал/сағ жылу энергиясы және 62 МВт электр энергиясы. 2024 жылы жылдық жылу өндіру көлемі 262,3 мың Гкал құрады.
⚡️Новая Согра кентінде кәріз тазарту құрылыстарының кешенді құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында 18×100 метрлік негізгі корпус, бірнеше кәріз сорғы станциялары, аэротенктер, тұндырғыштар, лай алаңдары, электрмен жабдықтау желілері, бейнебақылау және периметрді күзету жүйелері салынады. Сондай-ақ аумақты абаттандыру, көгалдандыру және автокөлік жолдарын салу жұмыстары қарастырылған.