Өскеменнен Шымкентке жаңа тікелей рейс ашылады

Өскеменнен Шымкентке жаңа тікелей рейс ашылады

2025 жылғы 1 маусымнан бастап Өскемен әуежайынан Өскемен – Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты әуе рейсі іске қосылады. Рейстерді SCAT Airlines әуе компаниясы аптасына бес рет – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындайды.

Жаңа әуе бағытының ашылуы Шығыс Қазақстан облысынан ұшатын рейстердің географиясын кеңейтеді. Бұл – өңір тұрғындарына іскерлік және туристік сапарлар үшін уақытты үнемдеуге, маршруттарын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Билеттер сатылымға шықты. Рейстердің нақты кестесі мен брондау шарттары әуе компаниясының ресми сайтында және авиакассаларда қолжетімді.