Өскемендік оқушылар Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Өскемендік оқушылар Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

2025 жылғы 15–16 наурыз күндері Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында «Астана Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен AZ GROUP LLC білім беру компаниясының ұйымдастыруымен «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

Осы кезеңде үздік нәтиже көрсеткен Өскемен қаласының оқушылары Түркияның Анталья қаласында 16–20 сәуір аралығында өткен «Fibonacci EuroAsia Robot Olympiad» халықаралық кезеңінде өңір атынан ел намысын абыроймен қорғап, келесі жетістіктерге қол жеткізді.

LEGO Line – 3 орын
• Алихан Арнұрұлы — Өскемен қаласы № 16 жалпы білім беретін мектеп;
• Мансұр Дәулеткер — Өскемен қаласы № 43 жалпы білім беретін мектеп;
• Әли Сейілқан — Өскемен қаласы № 43 жалпы білім беретін мектеп.

Mini Sumo – 3 орын
• Абай Өмірханов — Өскемен қаласы № 24 жалпы білім беретін мектеп;
• Арсен Бижігітов — Өскемен қаласы № 27 жалпы білім беретін мектеп.

Arduino Line – 5 орын (TOP-5)
• Санжар Бақберді — Өскемен қаласы № 19 жалпы білім беретін мектеп;
• Амир Зейнелов — Өскемен қаласы № 16 жалпы білім беретін мектеп.

Ең қуанышты жаңалық — барлық қатысқан командалар Италияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды!