24 сәуір күні, сағат 20:00-де Өскемен қаласындағы Б.Александров атындағы Спорт сарайының кіші мұз алаңында әуесқойлар арасында шайбалы хоккейден өткен тұңғыш 3x3 форматындағы чемпионаттың жабылу салтанаты өтеді.
Бағдарламада:
– Жеңімпаздарды марапаттау
– Үздік ойыншыларға арнайы номинациялар
– Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар
– Медальдар мен Чемпионаттың ауыспалы Кубогы
Келіңіздер, тарихи сәттің куәсі болыңыздар!