
Қазақстан Республикасы Бірінші лига командалары арасындағы чемпионаттың футбол матчы:
«Алтай Өскемен» маусымның 2-турында «Екібастұз» командасымен кездеседі!
2025 жылғы 18 сәуір күні Өскемен қаласындағы «Восток» стадионында Қазақстан Республикасы Бірінші лига командалары арасындағы чемпионаттың екінші тур ойыны өтеді.
Өз алаңында «Алтай Өскемен» футбол клубы Павлодар облысының «Екібастұз» командасын қабылдайды.
Басталу уақыты — 14:00.
«Алтай Өскемен» үшін бұл — жаңа маусымдағы алғашқы үй матчі, демек, «Восток» стадионының трибуналары тағы да жанкүйерлердің ыстық ықыласына толады!
Матч шиеленісті әрі қызықты өтпек: қос команда да маусым басынан-ақ турнирлік кестеде жоғары орындар үшін табанды күрес жүргізуге ниетті.
Кіру тегін. Бірге шынайы футбол мерекесінің атмосферасын жасайық!
Күні: 2025 жылғы 18 сәуір
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: «Восток» стадионы, Өскемен қ.