Өскемен қаласында ауқымды тазалық жұмыстары жалғасуда

Өскемен қаласында ауқымды тазалық жұмыстары жалғасуда

Өскеменде кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Көше, аула және іргелес аумақтарды тазалауға тұрғындар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, коммуналдық қызметтер, кәсіпкерлер мен жекеменшік компаниялардың қызметкерлері атсалысты.

Жалпы, шараға 2757 адам қатысты. Шығарылған қоқыс көлемі 719 текше метрден асты.

Бұл жолы аулалар, саябақтар, демалыс орындары және ұйымдарға бекітілген аумақтарды тазалауға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар қураған жапырақтар мен қоқысты жинап, бұтақтарды кесіп, жиектастар мен тротуарларды тазалады. Қалдықтарды уақтылы шығару үшін техника күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Сенбіліктің жарқын оқиғаларының бірі — «Таза ойындар» экологиялық акциясының өтуі болды. Бұл — тек қалалық аумақты тазартуға ғана емес, сонымен қатар жастар мен ересектер арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған командалық сайыс.

Іс-шараға 21 команда қатысты — барлығы 80 белсенді және бейжай қарамайтын қатысушы. Олар қоқыс жинаудағы жылдамдықпен қатар оны сұрыптап, саналы көзқарас танытуда да бақ сынады. Нәтижесінде 280 қап қоқыс, 186 келі ірі көлемді қалдық, 265 келі ескі шина жиналды.