Өскемен мен Новосібір арасындағы әуе қатынасы бұрынғыдан да қолжетімді бола түседі. 4 мамырдан бастап осы бағыттағы рейстер саны аптасына үштен төртке дейін көбейеді.
Жаңа кестеге сәйкес, ұшақтар дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Жолаушыларды S7 Airlines әуе компаниясы тасымалдайды.
«Рейстер жиілігінің артуы – бұл халықаралық бағыттағы жолаушылар белсенділігі мен сұраныстың өсуіне берілген жауап. Біз әуе қатынасы географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз және жақын уақытта жаңа бағыттардың ашылатыны туралы хабарлаймыз», — деді Өскемен әуежайының президенті Серік Оразғалиев.
Еске салайық, Өскемен мен Новосібір арасындағы тұрақты рейстер пандемиядан кейін қайта жанданды. Жыл сайын бұл бағытқа туристер мен іскерлік орта тарапынан қызығушылық артып келеді.