12 сәуірде Өскемен қаласында «Таза ойындар» экологиялық жобасы басталады — бұл қаланың аумағын қоқыстан тазарту мен экологиялық ағартушылық мәдениетін дамытуға бағытталған командалық жарыс.
Жиналу орны: Назарбаев көшесі, 83/1
Командаларды тіркеудің басталуы: 10:00
Қатысу үшін екіден төрт адамға дейін команда жинап, @clean_games_ukg парақшасының шапкасында көрсетілген мобильді қосымша арқылы тіркеліп, белсенді жұмысқа ыңғайлы киіммен келу қажет.
«Таза ойындар» квест форматында өтеді. Командалар қоқыс жинап, оны сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады. Әр жиналған және сұрыпталған килограмм үшін қатысушыларға ұпай беріледі. Қосымша ұпайларды ерекше заттар – «артефактілерді» табу немесе арнайы тапсырмаларды орындау арқылы алуға болады.
Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталады. 1 орын – 100 000 теңге, 2 орын – 80 000 теңге, 3 орын – 60 000 теңге. Сондай-ақ қатысушыларға қайта өңделген шыныдан жасалған кубоктар мен медальдар табысталады.
Негізгі квесттен бөлек, барлық қатысушыларды экологиялық викторина, жүлделер, дәмді шай және дәстүрлі тіскебасар күтеді.