Өскемен қаласында заманауи Гематология орталығының құрылысы жалғасуда

Өскемен қаласында заманауи Гематология орталығының құрылысы жалғасуда

Жоба Шығыс Қазақстан облысы үшін маңызды медициналық нысандардың бірі болмақ.

Бүгінде нысанның дайындық деңгейі 80 пайызды құрайды. Негізгі корпуста есік орнату, полиуретанды еден төсеу, әлсіз ток желілерін, жылу және желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта төбелерді монтаждау, қабырғаларды сырлау және қорғаныш қабатын жағу жұмыстары басталады. Құрылыс алаңында 60 маман еңбек етуде.

Пациенттер мен олардың жақындарына арналған пансионат корпусы толық бой көтерген. 20 сәуірден бастап ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, нысанды жиһазбен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге дайындық басталады.

Гематология орталығының құрылысы 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Жаңа медициналық кешен Қазақстандағы онкогематологиялық қызметті дамытуда маңызды буынға айналады деп күтілуде.