«Үлбі» әлеуметтік қолдау орталығымен танысты

«Үлбі» әлеуметтік қолдау орталығымен танысты

Қала әкімі Алмат Акышов «Үлбі» әлеуметтік қолдау орталығымен танысты. Бұл орталықта аутизм спектрі бұзылыстары мен ақыл-ой дамуында ерекшеліктері бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

«Орталықтың ұжымымен, медицина және педагогика саласының мамандарымен, сондай-ақ қызмет алушылармен кездестім. Жұмыс процесінің ерекшеліктері, даму жоспарлары және мамандар күнделікті бетпе-бет келетін мәселелер талқыланды», — деді қала әкімі.

Ол ғимараттың жағдайымен толық танысты — кіреберіс залдан бастап арнайы жабдықталған кабинеттерге дейін аралап шықтым. Барлығы балалардың қажеттіліктеріне бейімделіп, ұқыпты ұйымдастырылған: жайлы киім ілетін бөлме, сенсорлық және тұзды бөлмелер, интерактивті және жұмсақ бөлмелер, арт-терапия және музыка терапиясы кабинеттері, емдік дене шынықтыру залы, ас үй және оқу-әдістемелік блок бар. Сондай-ақ тігін, ағаш өңдеу және қыш шеберханалары, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды үйретуге арналған кабинеттер жұмыс істейді.

Орталықтағы маңызды рөлді кәсіби мамандар атқарады: дефектологтар, логопедтер, психологтар, АВА-терапевтер, эрготерапевт, педиатр, массажшы және еңбек терапиясы бойынша нұсқаушылар. Ерте араласу бағытына ерекше көңіл бөлінген — бұл бағытта тар бейінді мамандар жұмыс істейді.

Жеке және топтық сабақтарға арналған кабинеттер орталықта барынша дараланған тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мекеме екі ауысымда 130 балаға дейін қабылдай алады. Қызметкерлер саны – 50 адам.