«Парыз 2025» байқауының басталғаны туралы хабарландыру

«Парыз 2025» байқауының басталғаны туралы хабарландыру

Өскемен қаласының әкімдігі Өскемен қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларын "ПАРЫЗ" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсқа қатысуға шақырады. Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреаттары атақтары екі санатта беріледі: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі және ірі кәсіпкерлік субъектісі

Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі және мынадай номинациялар бойынша беріледі:

1.«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

2.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

3.«Үздік ұжымдық шарт».

4.«Экологияға қосқан үлесі үшін». 

 

Анықтама телефоны 20-85-59
Эл. мекен-жайы: 700171zan@mail.ru