Өскеменде мәслихат депутатын сайлау өтуде

Өскеменде мәслихат депутатын сайлау өтуде

Таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігі байқалуда.

Алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтарға кішігірім сыйлықтар берілді.

Көптеген тұрғындар ұлттық киім киіп келіп, дәстүрге деген құрметін білдіруде. Учаскелерде жылы атмосфера орнап, қонақтарға бауырсақ пен қазақтың түрлі тәттілері ұсынылуда.

№116, №117, №118 сайлау учаскелері орналасқан №27 мектептің алдында жәрмеңке ұйымдастырылды.

Қалалық мәслихат депутатын қосымша сайлау аясында 22-ші округ бойынша дауыс беру учаскелері келесі мекенжайларда орналасқан:

📍 №112 сайлау учаскесі – Дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернат, Западный тұйық көшесі, 96.
📍 №116 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.
📍 №117 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.
📍 №118 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.
📍 №119 сайлау учаскесі – №10 ЦТУ, Бажов көшесі, 546.

🕗 Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.