Өскемен қаласында №22 округ бойынша шығып қалған депутаттың орнына мәслихатқа өтетін қосымша сайлау қарсаңында сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді.
Тексеруге ШҚО әкімі аппаратының басшысы Текан Текешов пен қалалық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлыбек Шерубаев қатысты. Учаскелердің техникалық жарақтандырылуы, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік, комиссия қатысушыларын даярлау сияқты аспектілерге ерекше назар аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, 22-ші округ аумағында сайлау 30 наурызда өтеді. Округ аумағында барлығы бес сайлау учаскесі орналасқан.