Баспасөз хабарламасы Өскемен қаласындағы автобустарға ШҚО ПД жедел басқару орталығының жүйесіне интеграцияланған бейнекамералар орнатылады

Баспасөз хабарламасы Өскемен қаласындағы автобустарға ШҚО ПД жедел басқару орталығының жүйесіне интеграцияланған бейнекамералар орнатылады

Өскемен қаласында қоғамдық көліктерге орнатылған бейнебақылау камералары Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының жүйесіне интеграцияланбақ. Тиісті тапсырманы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов «ONAY!» халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуында берді.

Қала ішінде қатынайтын жаңа автобустарда қазірдің өзінде сегіз камерадан орнатылған, сондай-ақ мұндай бақылау жүйелері басқа да көлік құралдарында бар.

- Камераларды Жедел басқару орталығының жүйесіне қосу құқық қорғау органдарына ақпаратты жедел түрде жеткізуге, бұзақылық әрекеттерге шұғыл әрекет етуге және қоғамдық көліктегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыс әкімі.

Бұл жобаны іске асыру жұмыстары жақын арада басталады.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі