Өскемен қаласында орталық көшелерді абаттандыру жалғасуда

Өскемен қаласында орталық көшелерді абаттандыру жалғасуда

Өскемен қаласының сәулеттік-көркемдік келбетін қалыптастыру мақсатында орталық көшелерді кешенді абаттандыру жобалары әзірленді. Жоба Чехов, С. Нұрмұхамбетов көшелері, Шәкәрім және Абай даңғылдары, Қазақстан, Крылов, Қасым Қайсенов, Қабанбай батыр, Гоголь және Теміржолшылар көшелерін қамтиды.

Кешенді абаттандыру жобалары қалалық ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды қарастырады: ғимараттардың қасбеттерін түрлі түске бояу, кіреберістерді ретке келтіру және кедергісіз орта қалыптастыру ұсынылады.

Сондай-ақ, маңдайшаларды біріздендіру, қасбеттерді безендіру, түнгі уақытта сәулеттік жарықтандыру ұйымдастыру, ғимараттарға іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жоспарланған.