Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары, қала бойынша қозғалысыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз!

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары, қала бойынша қозғалысыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз!

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

21 наурыз күні Республика алаңында «Киіз үй қалашығын» орнату жұмыстарына байланысты сағат 05:00-ден бастап келесі көшелерде көлік қозғалысы уақытша жабылады:

Қазақстан көшесі (М. Горький көшесінен Қ. Қайсенов көшесіне дейін);
М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);
«Sulpak» дүкені бойындағы жол өткелі.

Сонымен қатар, 21 наурызда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін мерекелік іс-шаралардың дайындығына байланысты келесі аумақтарда қозғалыс шектеледі:
С. Нұрмағанбетов көшесі (Чехов көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);
Қазақстан көшесі (С. Нұрмағанбетов көшесінен М. Горький көшесіне дейін);
М. Горький көшесі (Қазақстан көшесінен Пермитин көшесіне дейін).

22 наурыз күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін Республика алаңында үлкен шаршы аумақта келесі көшелер жабылады:
Қазақстан көшесі (Қ. Қайсенов көшесінен Қ. Батыра көшесіне дейін);
М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
С. Нұрмағанбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін).

«Сулпак» сауда үйі маңындағы Қазақстан көшесіндегі шаруашылық жолында:
Қ. Қайсенов көшесінен М. Горький көшесіне дейін;
Тоқтаров көшесінен Қазақстан көшесіне дейін.

22 наурыз күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Достық үйі (ДКМ) аумағында:
«Элегант» дүкені маңындағы жол өткелі (Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін).

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.