Өскеменде жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылады

Өскеменде жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылады

Қалалық ортаны дамыту және тұрғындарға қолайлы демалыс жағдайын жасау мақсатында қаланың әртүрлі бөліктерінде бірнеше қоғамдық кеңістік құру туралы шешім қабылдадық. Осыған байланысты, қоғамдық кеңістіктер салу жоспарланған аумақтарға бардым.

☑️Маңызды нысандардың бірі – Согра шағын ауданындағы саябақ. Мұнда ауқымды өзгерістер жоспарлануда: балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтарын жасап, жарықтандыру.

🔹Сондай-ақ, СДИ, Меновное, Лихарев, Куленовка және Вокзал аумағындағы саябақтарды абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл аумақтар барлық қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып ретке келтіріледі. Яғни жайлы демалыс аймақтары, жарықтандырылған жолдар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жолдар асфальтталады, қосымша демалыс орындары пайда болады. Сондай-ақ заманауи сәулет нысандары салынады. Мұнда балалар ойын алаңдары, воркаут аймақтары, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары да қарастырылған.

🔸Бұдан бөлек, тағы бір нысан – көпір асты кеңістігі. Кеңістікте көрермендерге арналған трибуна, балалар ойын алаңдары, фитнес-аймақ және баскетбол, скейт алаңдары кіреді. Осылардың барлығы спорттық іс-шаралар мен бос уақытты тиімді өткізуге арналған. Осы арқылы бұқаралық спортты насихаттауға және күнделікті дене жаттығуларымен еркін айналысуға баса назар аударылмақ. Спорт алаңдарында муралдар салынып, сонымен қатар фуд-корттар орнатылады.

📹Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларын орналастырылады. Кешенді көгалдандыру да қарастырылған. Бұл жер қала тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орнына айналары сөзсіз.