Құрметті өскемендіктер!

Құрметті өскемендіктер!

Наурыз мейрамын тойлау аясында қалада дәстүрді, мәдениетті, халық тарихын дәріптеуге бағытталған 300-ден астам іс-шара өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, спорттық сайыстар мен халықтық серуендерге қатыса алады.

Республика алаңында:

🔸 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»:
- сағат 12.00-де бас киіз үйде – «Көрісу» рәсіміне арналған шара және мерекелік концерт.

15 наурыз – Қайырымдылық күні:
- сағат 08.00-де Жібек Жолы көшесі, 44 - ауылшаруашылық жәрмеңкесі.
- сағат 12.00-де бас киіз үйде – «Әндер» вокалды-аспаптық тобының қайырымдылық концерті.
- 15 наурыздан бастап «Қоржын» қайырымдылық акциясы өтеді.

16 наурыз – Шаңырақ күні:
- сағат 12.00-де Бабкина Мельница ауданында – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара.
- сағат 12.00-де бас киіз үйде – «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы фильмдерінің тегін көрсетілімі.
16-23 наурыз аралығында қаланың шағын аудандарында (Өскемен аллеясы, КШТ, Согра, Шығыс, Меновное, Аблакетка, Аэропорт, Защита, ДКМ, қала саябақтары және т.б.) мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні:
- сағат 12.00-де бас киіз үйде – «МЫҢ БІР МАҚАЛ» атты зияткерлік викторина өтеді.

18 наурыз – Ұлттық киім күні:
- сағат 12.00-де. басты киіз үйде - жергілікті дизайнерлердің ұлттық киімдерінің көрсетілімі және көрме форматындағы жаңа коллекциялардың тұсаукесері.
- Осы күннен бастап «Ұлттық киім күні» челленджі басталады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні:
- сағат 11.00-де бас киіз үйде асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, қазақша күрес сияқты спорттық іс-шаралар өтеді.
- сағат 19.00: Цветочная көшесі, 17 - «Nauryz Quiz» интеллектуалды ойыны.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні:
- сағ. 11.00-ден 14.00-ге дейін – қала мен облыс әртістері және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама, «бауырсақ пати» байқауы, караоке, спорттық ойындар, садақ ату, тақырыптық алаңдар, цирк өнері, «Үздік киіз үй» байқауы, мерекелік сауда, сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі және т.б.
- сағ. 18.00-21.00 аралығында – Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі бағдарлама.
- сағ. 21.00-де – мерекелік отшашу.

Баршаңызды мерекелік іс-шараларға шақырамыз! Наурыз әр шаңыраққа бейбітшілік, береке мен шаттық әкелсін!