1-10 наурыз аралығында Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Ұлы мәртебелі әйел» атты бірегей көрме өтуде. Бұл көрме 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Фотогалерея Өскемен қаласының мәдениет, білім және қоғам өміріне елеулі үлес қосқан әйелдеріне арналған.
Көрмеде түрлі мамандық иелерінің және тағдырлары әртүрлі әйелдердің портреттері ұсынылған. Олардың әрқайсысы өз еңбегімен, талантымен, өмірлік ұстанымымен айналасына шабыт беріп, өзгелерге үлгі бола алады.
Көрменің құндылығы да осында: ол әйелдердің қала мен қоғам өміріндегі маңызды рөлін айшықтап, өскемендіктерді мақтан тұтар тұлғалармен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.