Өскеменде көшелерді жарықтандыру аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2025 жылы жеті учаскеде жарық орнатылады. Олар: Горно-Алтайская көшесі, 28 – 31а, «Ярославец» саяжай қоғамы, Пушкин көшесі («Томирис» дүкенінен) – Сирень бұрылысы, 19-мөлтек аудан, Әл-Фараби даңғылы, 32 маңы, Халықтар достығы көшесі, Деповская көшесі, «Звезда» саяжай аумағы.
Қосымша, тұрғындармен кездесулер нәтижесінде тағы 30 учаскеге жарық орнату жоспарланған. Оның ішінде: Заречный бұрылысы (Сол жағалау мөлтек ауданы), Волжская, Ертіс, Байкал, Свобода көшелері (Согра мөлтек ауданы), Подгорная, Краснодонская, Лесозаводская, Самсоновка, Ульбинская көшесі, Грейдерная көшесінен Абай көшесіне дейінгі айналма жол. Сондай-ақ, депутаттардың тапсырмасына сәйкес, үш маңызды учаскеде жарықтандыру орнатылмақ: автовокзал маңындағы 1-ші Жағалау көшесінің жаяу жүргіншілер жолы («Коммунальник»), Арматура зауыты маңы.
Ерекше назар мектеп маңындағы жарықтандыруға аударылған. 2025 жылы 20 білім беру мекемесінде көше шамдары орнатылады. Оның ішінде: №1, №3, №4, №9, №12, №14, №19, №20, №24, №26, №27, №29, №30, №34, №43 мектептері және Меновное ауылындағы мектеп бар.
Айта кетсек, бүгінде қалада 38 856 жарық шам жұмыс істеп тұр. Оның 22 253-і қаланың меншігінде, ал 16 603-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жарықтандырылды.