Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда

Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда

Кезекті жәрмеңке 27 сәуір күні демалыс күндері (сенбі және жексенбі) "ТНП" СҮ аумағында Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қала кәсіпкерлерінің қатысуымен өтеді.

Қала тұрғындарының тауарларды тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өздерінен нарықтық бағадан орташа есеппен 15% төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, аталған жәрмеңкеде «Өскемен кант» көтерме сауда кәсіпорнының делдалдарсыз бакалея өнімдері де сатылатын болады.

Қала тұрғындарын жәрмеңкеге қатысуға және отандық өндірушілердің арзан әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға шақырамыз.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу уақыты сағат 8-00-ден 14-00-ге дейін