Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда).

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор.

ӘКС критерийлері:

Бірінші санаттағы ӘКС – Қағидаларда көзделген, халықтың әлеуметтік осал тобы 9 санатын жұмыспен қамтуға ықпал ететін ӘКС, бұл ретте ӘКС қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құрауы (бірақ осындай санаттарға жататын екі адамнан кем болмауы), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құрауы шарт;

Екінші санаттағы ӘКС – Қағидаларда аталған санаттар қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайды;

Үшінші санаттағы ӘКС – мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында мүгедектігі бар адамдарға арналған, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында осы Қағидаларда аталған өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ӘКС, Қағидаларда көрсетілген қызмет түрлеріне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауы, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрауы шарт;

Төртінші санаттағы ӘКС – қызметті алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құраған, ал ӘКС алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алған таза кірістің ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құраған жағдайда осы Қағидалардың 2-тармағының 7) – 10) тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына Қағидаларда аталған қызмет түрлерінің ішінен жүзеге асырады.

Әеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне кәсіпкерлерді

енгізу алгоритмі

  1. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жыл сайын 1-15 наурыз, 1-15 маусым, 1-15 қыркүйек, 1-15 желтоқсан айларында жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге қосуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.

Жыл сайын 25 қаңтарға дейін Тізілімге енген әлеуметтік кәсіпкерлік топтарды өзектендіреді.

  1. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында Басқармаға арнаулы комиссияның қарауына Қағидаларға сәйкес, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарына тиісті құжаттарды ұсынады.

Қағидаларда көрсетілген өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға Басқармаға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бекітілген, басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және Қағидалардың 5 – 9 тармақтарында көрсетілген құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.

  1. Өтініш берген сәтте ЖК немесе заңды тұлғалар тіркелген сәттен бастап кемінде 1 жыл өтуі тиіс.

Анықтама телефоны: 8-7232-71-32-57