Қордың Шығыс Қазақстан Облыстық филиалы 2024 жылға колоректальді обыр скринингіне 90 млннан астам теңге бөлді

Қордың Шығыс Қазақстан Облыстық филиалы 2024 жылға колоректальді обыр скринингіне 90 млннан астам теңге бөлді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО филиалы осы жылға арналған колоректальды обырдың скринингіне 90 млн теңгеден астам қаржы бөліп отыр.  Колоректальды обыр – бүкіл әлемде жиі кездесетін онкопатология. Жыл сайын Шығыс Қазақстанда 200-ден астам ішектің қатерлі ісігі тіркеледі. 
 
– Шығыс Қазақстанда колоректальды обырдың скринингі жүріп жатыр. Тексерілетіндер – 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер және колоректальды қатерлі ісік пен тоқ ішек полипозы бойынша диспансерлік есепте тұрғандар. Скринингтен өту аралығы – 2 жылда 1 рет. Бұл скрининг тегін жүргізіледі, сондықтан тіркелген емханаңызда скринингтен өте аласыз, – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО филиалында.
Онкологтар колоректальды қатерлі ісікті емдеудің сәттілігі көбінесе оның анықталу сатысына байланысты екенін айтады. Сондықтан онкоскринингтен өтіп отыру аса маңызды. 
 
Скринингте және одан кейінгі эндоскопиялық тексеруде пациенттерде ішектегі полиптер жиі анықталады. ШҚО Онкология орталығының хирургы Ербол Құсайыновтың айтуынша, жас ұлғайған сайын олардың пайда болу қаупі артады. Кейбір полиптер қатерлі ісікке ұласуы ықтимал, оларды эндоскопистер колоноскопия кезінде алып тастайды. 
Ішектің қатерлі ісігі анықталған кезде дәрігерлер аурудың сатысына негізделген емдеудің тиімді тәсілін таңдайды. 
Айта кету керек, облыстық Онкология және хирургия көпсалалы орталығында осы ауруды емдеудің барлық түрлері қолданылады.