Жаз кезінде су айдындарындағы мінез-құлық қағидасы

Жаз кезінде су айдындарындағы мінез-құлық қағидасы

Жаз кезінде теңіздің, өзен-көлдің жағасында демалған ғанибет.

Мектеп жасынан кіші балаларға ата-аналарынсыз немесе ересектерсіз су айдындарына баруға болмайды.

Су айдындарына барған кезде, өзін-өзі ұстаудың қарапайым қағидаларын сақтау қажет:

- арнайы жабдықталған су айдындарында демалып, суға шомылған дұрыс;

- суға түсіп кету қаупі бар жерлерде ойнауға және тұруға болмайды;

- жүзе алмасаңыз, жағадан алыс суға түсуге болмайды;

- белгісіз жерлерде сүңгуге болмайды, себебі су түбінде қауіпті заттар болуы мүмкін;

- жүзе алатындар, қалқы белгілерден әрі жүзбеу керек.

Балалар қолдан жасалған салмен, үрленген матрастармен және камералармен жүзгенді жақсы көреді. Бұның да өзіндік қаупі бар. Қолдан жасалған сал кез келген уақытта аударылып кетуі, ал үрленген матрастар және камералар желмен жағадан алысқа кетіп қалуы, жарылып кетуі де мүмкін.

Қайықпен жүзген кезде алысуға, оны тербетуге, түрегеп тұруға және орын ауыстыруға, ернеуден асылуға болмайды.

Су айдындарда «қарсыласты» су астында ұстап ойнауға болмайды - ол тұншығып қалуы мүмкін.

Әрбір жүзушіге суда дем ала білуді үйренгені өте маңызды.

Бірінші әдіс: шалқадан жатып, аяқ-қолды асықпай созып, көзді жұмып, суға баспен жатып, тек жайлап өзіңді көлденең күйде ұстауға көмектесіп, денені бос ұстаған жөн. Өкпеге ауаны сорып, терең демалу қажет.

Екінші әдіс: «қалтқыдай» бүктетіліп, ауаны сорып, бетіңмен суға кіріп, демді шығармай (бірақ күшке салмай) қолмен тізені қапсыра құшақтай тартып, ұстап тұру қажет. Содан соң ақырындап су астында демді шығарып, артынша су бетінде жылдам дем алып, қайта «қалтқы» күйіне түсу керек.

Әр бала ересектердің көмегімен жүзіп үйренуі қажет. Сондай-ақ балалар жағалауда ешқашан қараусыз қалмауы керек.

Суға батып бара жатқан адамды көре сала, біріншіден - «Адам суға батып бара жатыр!» деп айқайлап, айналадағы адамдардың назарын аударту керек. Әр кезде суға батушыны құтқаруға тырысатын ересектер табылады. Алайда, адамды кез келген құтқару құралының көмегімен құтқарған оңай екендігін есте сақтаған жөн. Ол суға батпайтын және суға кетушіге дейін лақтыруға болатын кез келген нәрсе болуы мүмкін.

ОСЫ ҰСЫНЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ, ТӘРТІП ПЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАП ҚАЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ!