Жақсы жүзе білу – бұл суда қауіпсіз демалудың маңызды кепілі, бірақта, жақсы жүзуші де әрқашан сақ болуы, тәртіпті және суда өзін ұстаудың ережесін қатаң ұстануы керек.
Суға арнайы жабдықталған жерлерде: жағажайда, әуіттерде түсу, міндетті түрде алдын ала медициналық тексерістен өту және жүзуге арналған орынның ішкі тәртіп ережесімен танысу керек.
Саяхатта суға түсу үшін суы таза, түбі құмды немесе ірі құмды, онша терең емес (2 м дейін), қатты ағысы жоқ (0,5 м/с дейін) жерді таңдау керек.
Суға түсу күнді желсіз ауа-райында, су температурасы 17-190С, ауа температурасы 20-250С кезінде ұсынылады. Суда небәрі 10-15 минут болу, суға түсер алдында денені сумен сүрту қажет.
Жүзушінің денесі тоңазыған кезде сіңір тартылуы, әсіресе аяқ-қолдың тартылуы болуы мүмкін. Сіңір тартылғанда тез арада судан шығу керек. Егер ондай мүмкіндік болмаса, онда келесідей жасау қажет:
Тыныс алу жолдарына кірген және дем алуға кедергі келтіретін суды шығару үшін, тез арада тоқтап, аяқ және қол қатты қимылдарымен су бетінде ұстанып тұрып, басты неғұрлым жоғары көтеріп қатты жөтелу керек. Суда қақалып қалмас үшін, жүзуші тыныс ырғағын дұрыс сақтау керек. Толқында жүзгенде толқындардың есу арасында болғанда тыныс алу үшін мұқият болу керек. Толқынға қарсы жүзгенде толқынға еппен көтеріліп және одан сырғып түсу керек. Егер ескен толқын келе жатса, онда есуден төменірек оның астымен сүңгіген дұрыс.
Қатты ағысқа түскенде оған қарсы жүзуге болмайды, тыныс алуды бұзбай жағаға ағыс бойымен жүзу керек.
Иірімге түскенде, бойды үрей алдырмау, сабырлылық сезімін жоғалтпау керек. Өкпеге неғұрлым көбірек ауа толтырып, суға кіріп, ағыс жаққа қарай қатты серпіліс жасап су бетіне шығу керек.
Балдырларға ілініп қалғанда күрт қимыл және серпіліс жасамаңыз. Арқаға жатып, ақырын, асықпай қимылмен қай жақтан келсең сол жаққа жүзіп шығыңыз. Егерде өсімдіктен шығу мүмкін болмаса, қолды босатып, аяқты көтеріп, қолдың көмегімен өсімдіктен ұқыптылықпен арылу керек.
Толқынында тербелу үшін, келе жатқан кемелерге, катерлерге жақындап жүзуге болмайды. Жақында келе жатқан теплоходтан ескіш винтіне тартып әкететін ағыс пайда болады. Таныс емес жерде суға секіруге (сүңгуге) қауіпті – баспен грунтқа, тырбиған ағашқа, қадаға және т.б. соғылуы, мойын омыртқасын сындыруы, есінен тануы және қайтыс болуы мүмкін. .
Катерлердің, қайықтардың, кемежайдың және басқа жүзетін құралдардың салдарынан сүңгу де қауіпсіз емес. Су астында бөренелер, бағаналар, рельстер, темірбетондар және басқалар болуы мүмкін. Сүңгуге арнайы жабдықталған жерде ғана сүңгу керек. Суға құламалы, құлама және өсімдікпен өскен жағаларда түсуге болмайды. Мұнда су түбі тамырлар мен өсімдік басқан болуы мүмкін. Кейде құмды түпте тұрақсыз болады, ол жүзе алмайтындарға өте қауіпті.
Судағы қауіпсіздіктің негізгі шарты қайықты тепкенде ережені қатаң сақтау болып табылады. Суға түсуге барғанда дұрыс жөнделмеген және толығымен жабдықталмаған қайықпен шығуға болмайды. Қайыққа отырардың алдында оны қарап және ескектің, меңгеріктің, ескек тұтқаның, құтқарушы доңғалақтың, жолаушылар санымен құтқарушы кеудешелердің және суды төгу үшін бақырдың бар екендігіне көз жеткізу керек. Қайыққа отырғызуды, төсеніштің ортасына басып сақтықпен жүргізу керек. Арқалыққа (орындыққа) біркелкі отыру керек. Ешқашанда қайықтың шетіне отыруға, бір орыннан бір орынға ауысуға, сонымен қатар бір қайықтан бір қайыққа өтуге, қайықты шайқалақтатуға және одан сүңгуге болмайды.
16 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің қарауынсыз қайық тебуге, қайықтың осы түрі үшін белгіленген мөлшерден жоғары жүк салуға, моторлы кемелердің жүрісін кесіп өтуге, оларға жақын болуға және кеме жүрісі бойынша жүруге тыйым салынады.
Егер қайық төңкеріліп қалса, онда біріншіден көмекті қажет ететіндерге көмектесу керек. Ең жақсысы барлық жолаушылар бірге қайықтан ұстап және барлық күшпен оны жағаға немесе таяз жерге итеру керек.
Аса қауіпті болып жүзе алмайтындар және нашар жүзетіндер үшін әртүрлі жүзу құралдары: камералар, белдіктер, резеңке матрастар және т.б. табылады.
СУҒА ШОМЫЛУШЫҒА КЕҢЕСТЕР
Шомылғанға дейін:
Шомылу кезінде: