«Анама хат - Письмо маме» онлайн байқауы жарияланды.
Байқаудың мақсаты отбасылық құндылықтар мен ата-аналардың балаларымен дұрыс қарым-қатынасын нығайтуға, сондай-ақ отбасы мәртебесі мен халықтың қоғамдық маңызы бар қызметке тартылу деңгейін арттыруға бағытталған.
Конкурс 20 ақпаннан 4 наурызға дейінгі аралықта өтеді.Оған облыстағы әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатын тұрғындар қатыса алады. Ол үшін қатысушылар 28 ақпанға дейін әлеуметтік желілерде #Анама хат – Письмо маме хэштегімен хаттарды орналастыруға тиіс.Қалалар мен аудандар әкімдіктері 29 ақпанда хаттардың іріктеу турын өткізеді. Хаттың шынайылығы, тақырыптың ашылуы, көркемділігі және ерекшелігі бағаланады.1 наурызда облыстық турға қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасына 2 үздік жұмыс жолданады.
Хаттарды ресімдеу кезінде анасының толық деректері (аты-жөні, мекен-жайы және ұялы телефоны) және хат авторының (баланың) толық деректері (аты-жөні, мекен-жайы және ұялы телефоны) көрсетілу керек.