ШҚО ТЖД мамандары автомобильдерде болған өрттер мен оқиғалардың алдын алу бойынша жұмысты жандандырды.
Полиция департаментінің мәліметінше, Шығыс Қазақстанда ГБЖ бар ресми түрде қайта жабдықталған барлығы 5300-ден астам автомобиль бар.
Қазіргі уақытта барлық автокөлік иелеріне "Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі ережелеріне" сәйкес қозғалтқыштары басқа мақсаттағы кіріктірілген және оларға жапсарлас салынған ғимараттарда сығылған, табиғи және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ баллонды жабдықпен жарақтандырылған, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық үлгідегі автотұрақтар мен паркингтерде автокөліктердің тұруына жол берілмейтіні ескертеді.
ГБЖ бар көліктерін тұраққа қою қаупі-қыста жылудан газдың кеңеюіне әкеледі. Сонымен қатар, резервуар 85% - дан аспауы керек.
Заңның жаңа талаптары бұзылған жағдайда, автокөлік иелеріне "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау" – әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.
Егер адам денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі зиян келтіруге әкеп соқтырған паркингте газдың жарылуынан көлік өртенген болса, қылмыстық жауаптылық көзделген.
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлікте қайта жабдықтау туралы белгі болмағаны үшін айыппұл 15 АЕК құрайды. Бұзушылық анықталған кезде полиция қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес ұстау себебі жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу-нөмірлік белгілерді алып қою арқылы көлік құралын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Жыл басынан бері облыста барлығы 90-нан астам өрт болды.
ШҚО ТЖД өз көлігін өрттен қорғау үшін төмендегі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:
- Машинаның техникалық жағдайын мұқият қадағалаңыз, уақытында техникалық қызмет көрсетіңіз.
-Егер сіз көлікті гаражға қойсаңыз, онда оңай жанатын заттарды – жиһазды, үлкен отын қорын (20 литрден астам) және майды (5 литрден астам) сақтауға болмайды.
- Гараж қораптарында құрғақ шөптің өртенуіне жол бермеңіз.
-Жерасты паркингтерінде, кіріктірілген ғимараттарда және жабық типтегі автотұрақтарда ГБЖ-мен жабдықталған автокөлікті қоюға болмайды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі