2023 жылдың басынан бастап өңірде ШҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері пәтер тұрғындарының қосылған пеште тамақты қараусыз қалдыру жағдайлары бойынша 90-нан астам шығуды жүзеге асырды. Мұндай жағдайлардың жиі себебі - адамдардың ұмытшақтығы болып табылады. Тамақпен бірге кастрөлді немесе табаны пешке қойып, тек пәтерде түтін басталған кезде ғана еске алады. Ұмытшақ адамдар арасында - үй шаруасындағы әйелдер, қарт адамдар, түнгі ауысымнан үйге келетін адамдар, мас күйіндегі тұрғындар бар. Кейде көршілердің шақыруына келген өрт сөндірушілер үй иелерін мүлдем таппайды.
«Тамақ күйген кезде түтін пайда болып, пәтерден басқа жаққа да тарап кетеді. Жоғары температурадан жанғыш материалдар жануы мүмкін, мысалы, жақын жерде тұрған шкаф, ілулі перделер немесе жатқан ұстағыштар. Пластмассадан жасалған бұйымдар, мысалы, табаның тұтқалары немесе кесу тақтасы ери бастайды. Бұл ретте пластмасса улы заттарды шығаратын болады»,- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Пеште қалдырылған тамақ үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Салдарларға әкеп соқтыратын, облыста осындай бұзушылық жасаған 94 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске салады:
- тамақ жылытылып жатқан, қосылған электрпештерді қараусыз қалдыруға болмайды
- пештің жанында жанғыш материалдар мен перделерді орналстырмаңыздар
-егер сіз шаршасаңыз, демалыңыз және демалғаннан кейін ғана тамақ дайындауды бастаңыз
- пәтерде өрт сөндіргіштің болуы пайдалы.
Өрт кезінде 101 ил 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз
ШҚО ТЖД баспасөз-қызметі