«Әлеуметтік жұмыс орындары» (әрі қарай - ӘЖО) - жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды субсидиялаумен, үкіметтік емес ұйымдар құрған ӘЖО-на жұмыс істейтін мүгедектер үшін – жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 70 %, бірақ 20 (жиырма) АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіштен) аспайтын мөлшерде (2023 жыл – 69 000 теңге), жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушімен құрылатын уақытша жұмыс орындары. Әлеуметтік жұмыс орындарының қатысушысына субсидия Еңбек мобильділігі орталғымен ӘЖО қатысушысына төлеу үшін жасалған шарт негізінде жұмыс берушінің есептік шотына аударылады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтылығы 12 айдан көп емес. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер 2023 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға Электрондық еңбек биржасына электрондық түрде (enbek.kz) сұраным бере алады.
Өтініш беруші жұмыстан босатылған күнге дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында болған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді. Мансап орталығы субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
«Күміс жас» - (әрі қарай - КЖ) – 50 жастан асқан жұмыссыздарға арналған жұмыс орындары. Күміс жас жобасына қатысу ұзақтылығы 36 айдан көп емес.
Жоба бойынша жұмысқа орналасқан адамдар үшін ай сайынғы субсидия мөлшері салық, міндетті әлеуметтік жарналар, қолданылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, банк қызметтері есебімен, экологиялық жәрдемақыларды қоспағанда:
1) қатысудың алғашқы жылы – жалақының 70 %, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспауы керек;
2) қатысудың екінші жылы – жалақының 65 %, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды;
3) қатысудың үшінші жылы – жалақының 60 %, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілердің есептік шотына еңбекақы төлеміне субсидия сомасын аударады. Барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер 2023 жылға Күміс жас жобасы бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға Электрондық еңбек биржасына электрондық түрде (enbek.kz) сұраным бере алады. Өтініш беруші жұмыстан босатылған күнге дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында болған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді. Мансап орталығы субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Қоғамдық жұмыс орындары - халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылатын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттағы жұмыс орны.
Қоғамдық жұмыс орындарына қатысуға:
1) жұмыссыздар;
2) оқудан бос уақытта студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса:
1) ата-аналарының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімді;
2) оқу орнынан оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуына жазбаша келісімді ұсынады.
Қоғамдық жұмыс орындарына қатысу ұзақтылығы 12 айдан аспайды.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың еңбекақы төлемі минималды еңбек төлемінің 1/7 мөлшерін 119 000 теңгеден 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен төмен емес, салықтар, міндетті әлеуметтік аударымдар есебімен, оның ішінде экологиялық жәрдемақымен 124 175 тг. белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың еңбекақы төлемі еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынатын мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілердің есептік шотына еңбекақы төлеміне субсидия сомасын аударады. Барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер 2023 жылға қоғамдық жұмыс орындары бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға Электрондық еңбек биржасына электрондық түрде (enbek.kz) сұраным бере алады.
Өтініш беруші жұмыстан босатылған күнге дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында болған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді.
Мансап орталығы субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
«Ұрпақтар келісімшарты» (әрі қарай - ҰК) - зейнетақы жасына жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жобаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру. ҰК қатысушылары: 3 (үш) жыл ішінде оқуды аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған оқу орындары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздар.
ҰК жобасы аясында жұмысқа орналасқан, тұлғаға зейнет жасқа дейін 6 (алты) ай қалған тәлімгер тағайындалады. Жұмысқа қабылданғаннан алты ай өткеннен кейін қатысушыны тәлімгердің бос жұмыс орнына ауыстырады. ҰК жобасына қатысу ұзақтығы 6 айдан аспайды.
ҰК жобасы шеңберінде жұмысқа орналастырылған адамдар үшін айына субсидия (жалақы) мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып, кемінде 30 (отыз) АЕК- ті құрайды. ҰК жобасына қатысатын адамдарға жалақы төлеуді еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынатын мәліметтердің негізінде екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер 2023 жылға ұрпақтар келісімшарты жобасы бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға Электрондық еңбек биржасына электрондық түрде (enbek.kz) сұраным бере алады.
Алғашқы жұмыс орны (әрі қарай - АЖО) - жобаның қатысушылары 35 (отыз бес) жастан аспаған жастар қатарындағы жұмыссыздар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар.
Жұмыс беруші АЖО жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға кәсіби білімдері мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлердің арасынан тәлімгер тағайындайды. АЖО жобасына қатысу ұзақтығы 18 айдан аспайды.
АЖО жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін айына субсидия (жалақы) мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып, кемінде 30 (отыз) АЕК-ті құрайды. АЖО жобасына қатысатын адамдарға жалақы төлеуді еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілер ұсынатын мәліметтердің негізінде екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілердің есептік шотына еңбекақы төлеміне субсидия сомасын аударады. Барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер 2023 жылға алғашқы жұмыс орындары жобасы бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға Электрондық еңбек биржасына электрондық түрде (enbek.kz) сұраным бере алады.
Мансап орталығы субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Жастар іс-тәжірибесі - алған мамандығы (кәсібі) бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері үшін ұйымдастырылатын уақытша жұмыс орны.
Жастар іс-тәжірибесіне өткен 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 жастан аспаған алған кәсібі (мамандығы) бойынша білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздар қатыса алады. Бағдарламаға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жастар іс-тәжірибесі алынған білімі мен дағдыларын тығайтып, жұмыс тәжірибесін алуға және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
ЖІТ бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысы 30 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.
ЖІТ бағдарламасына қатысатын адамдарға жалақы төлеуді еңбек мобильділігі орталығы ай сайын екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.
Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілердің есептік шотына еңбекақы төлеміне субсидия сомасын аударады. Барлық меншік нысанындағы жұмыс берушілер 2023 жылға жастар іс-жәжірибесі бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға Электрондық еңбек биржасына электрондық түрде (enbek.kz) сұраным бере алады.
Өтініш беруші жұмыстан босатылған күнге дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында болған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді.
Мансап орталығы субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Жұмыс берушілердің сұранымы бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыру
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса)
3) білімі туралы құжаттар (бар болса);
4) денсаулығы туралы анықтаманың көшірмесі
5) екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карталық) шоттың нөмірі.
Жұмыс беруші Тізілімге сәйкес, білім беруді ұйымдастырудың 2 нұсқасын көрсете отырып, үміткерлер тізімін келіседі. Үміткерлер жұмыс берушінің ұсынысы негізінде білім беру ұйымдарын таңдайды.
1) дәлелді себепсіз келмеу
2) қанағаттанарлықсыз бағалар
Жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру
Жұмыс берушiлердiң тiзiмi бюджет қаражатының болуына қарай қаржы жылы iшiнде тоқсан сайын нақтыланады.
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса);
3) бар болса білімі туралы құжатты (аттестат, куәлік, диплом), оқытудан өткенін растайтын құжатты (куәлік, сертификат);
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың көшірмесін (Білім беру ұйымына қабылданған соң ұсынылады) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мансап орталығы әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың нәтижесі бойынша оқуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және электрондық почтаның көмегімен жұмыс берушіге келісуге жібереді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытудың өтініші бойынша жұмыс берушілер мен жұмыс орнында қамтамасыз етіледі.
Оқыту үшін біліктілік пен дағдылар тізбесі жұмыс берушілердің өтініштері негізінде қалыптастырылады.
Оқытуды ұйымдастыруға жұмыс беруші ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін халықты жұмыспен қамту орталығына алдағы қаржы жылына өтінім береді.
Оқытуға қатысуға ниет білдірген үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді:
Білім беру ұйымдары жұмыссыздарды келесі жағдайларда шегереді:
Құрметсіз себептермен шығарылған жұмыссыздар жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жылдан кейін, бірақ бір реттен жиі емес қайта оқудан өтеді.
Оқуды аяқтаған жұмыссыздарға білім беру ұйымы куәлік немесе мемлекет мойындаған куәлік береді.
Жұмыс беруші жұмыссыздармен Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес еңбек шартын жасайды.
Жұмыссызды жарияланған жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда жұмыс беруші оқуға жұмсалған нақты мемлекеттік шығындарды, оның ішінде жұмыссыздарға төленген материалдық көмек пен шәкіртақы сомасын бюджетке өтейді.
Білім беру ұйымдарында оқу құнын өңірлік комиссиялар белгілейді. Оқудан өтіп жатқан жұмыссыздарға оқу ақысын төлеуге мемлекеттік қолдау 21 787 теңге шәкіртақы қарастырылған. Сондай-ақ медициналық тексеруден өтуге 2 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Жұмыс берушілердің жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіби оқытуды ұйымдастыру тәртібі
Мансап орталығы жұмыс берушілердің тізімі бекітілгеннен кейін қалалық комиссияның шешімімен жұмыс берушілерді хабардар етеді.
Оқуға қатысуға ниет білдірген үміткерлер Мансап орталығына келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
Жұмыс беруші Тізілімге сәйкес, білім беруді ұйымдастырудың 2 нұсқасын көрсете отырып, үміткерлер тізімін келіседі. Үміткерлер жұмыс берушінің ұсынысы негізінде білім беру ұйымдарын таңдайды.
Жұмыс беруші оқуға үміткерлердің тізімін келіседі және қажет болған жағдайда әлеуетті үміткерлермен әңгімелесу жүргізеді.
Жұмыс беруші Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасына жүгінген үміткерлерді оқуға қабылдайды және оқу мерзіміне өтініш берушілермен еңбек шартын жасайды.
Жұмыс беруші оқу кезеңінде жұмыссызды жұмысқа орналастыру туралы халықты жұмыспен қамту орталығына хабарлайды және жұмыссыз адаммен еңбек шартының жасалғаны және тоқтатылғаны туралы мәліметтерді Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді.
Еңбек шарты дәлелді себепсіз жұмысқа келмеген және еңбек заңнамасына сәйкес қызметтік міндеттерін орындамаған жағдайларда, сондай-ақ үлгерімге тұрақты бақылау, аралық аттестаттау негізінде бұзылады.
Дәлелсіз себептермен шығарылған жұмыссыздар жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жылдан кейін, бірақ бір реттен жиі емес қайта оқудан өтеді.
Оқу ақысын аймақтық комиссиялар белгілейді.
Оқыту кезеңіндегі жұмыссыздардың еңбекақысын еңбек мобильділігі орталығы төлейді. Ай сайынғы жалақысы 20 АЕК құрайды. Орындалған жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен нақты орындалған жұмыс үшін жалақыға қосымша үстемеақы белгілейді. Жұмыссыздарға оқу кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес мансап орталығы жүзеге асырады.
Барлық сұрақтар бойынша Өскемен қаласының мансап орталығына, Шәкәрім даңғылы, 149/10, № 9 каб. тел: 70-06-61 (оқыту), № 3 кабинет, тел: 70- 06-51 (әлеуметтік жұмыс орындары, күміс жас, қоғамдық жұмыс орындары, ұрпақтар келісмшарты, алғашқы жұмыс орны, жастар іс-тәжірибесі) хабарласу қажет.