Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік Кодекісіне байланысты бюджеттің есебінен субсидияланатын мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру көзделген. Субсидия арнайы жұмыс орындарын жабдықтандыру үшін құрылғыларды орнату және монтаждау, алуға шығындардың орнын толтыру мақсатында жұмыс берушілерге ұсынылады.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары Мүгедектің жұмыс орыны стандартына сәйкес келуі қажет, мүгедектің жеке мүмкіндіктерін есебімен жабдықталады (2023 жылғы 26 мамырындағы № 179):
- кресле-арбада қозғалатын мүгедектің жұмыс орыны стандарты;
- көруін толық жоғалтқан мүгедектің жұмыс орыны стандарты;
- естуін толық жоғалтқан мүгедектің жұмыс орыны стандарты.
Өскемен қаласы мансап орталығы қаржыландыру шегінде Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау жағдайы және ережесіне сәйкес, келе жатқан қаржылық жылға сұранымдарды жинауды жүзеге асырады (2023 жылғы 29 маусымдағы № 266)
Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындары үшін субсидия. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру үшін субсидия алуға сұранымдар қабылданады. Келесі жылға сұранымдарды www.enbek.kz сайтында немесе Өскемен қаласы мансап орталығы қағаз түрінде беруге болады. Жұмыс берушілерге жергілікті бюджеттен жұмыс орындарын жабдықтауға шығындар өтеледі. Мансап орталығына, Шәкәрім даңғылы 149/10. 4 кабинетке жүгіну қажет. Анықтама телефоны: 700668