Аудандар мен қалалардан келген 50 шақты оқушы алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сөндіру эстафетасы, техногендік авария кезіндегі іс-қимылдар, өрттің ошағында және қираған ғимараттардың үйінділерінің астында қалған зардап шеккендерді алып шығу бойынша кезеңдерді еңсеруде жеңіске жету үшін шайқасты.
Ұйымдастырушылар ШҚО білім басқармасы мен ШҚО ТЖД мамандары болды.
Глубокое ауданының «Дарын» лагерінің базасында жетуі қиын жерлерде ұлдар мен қыздар жер бедерінде бағдар алып, өткелден өтіп, адамды құтқарып, жәбірленушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, тасымалдай алды.
«Жеңімпаз атағын иелену үшін күрестің қорытындысы бойынша бірінші орынды Алтай ауданының командасы иеленді. Біздің құтқарушылармен ынтымақтастығымыз өскелең ұрпақты дайындауда тамаша нәтиже береді» - деп түсіндірді ШҚО білім басқармасының әдіскері Нұржан Әлімбеков.
«Нақты жағдайға барынша жақын жағдайда балалар төтенше жағдайды жеңді, бұл біздің жарыстарды өткізудегі басты міндетіміз болды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД.
Жеңімпаздар біздің өңірді 2024 жылдың жазғы кезеңінде жоспарланған республикалық жарыстарда таныстырады. Алтай ауданынан келген "Қауіпсіздік мектебі" жарысына қатысушы Аружан Матоктанова өз әсерімен былай деп бөлісті:
«Облыста осындай іс-шаралар өткізілгені өте жақсы. Мен болашақта әскери дәрігер болғым келеді, алған дағдыларым мен білімімнің маған пайдалы болады деп ойлаймын».