Өскемен қаласы ТЖБ бас маманы Диас Сейтхазин Астана қаласында өткен өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау инспекторлары арасындағы республикалық байқауда екінші орынды иеленді.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен азаматтық қорғау органдарында өзі және қызметі туралы ақпаратты, жұмыстағы көрсеткіштерімен таныстыру. Содан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты тестілеуде білімін көрсетту. Объектіге шартты профилактикалық тексеруді сауатты жүргізу, ұсынылған бақылау-қадағалау және әкімшілік істерді талдау, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама жасау. Соңғы кезең сұхбаттан өтуі керек еді.
Өскемен қаласы ТЖБ бас маманы өрт қауіпсіздігі саласында жоғары нәтиже мен айрықша білім көрсетті.
Диас 2017 жылдан бастап Төтенше жағдайлар саласында қызметін атқарады. Өзі сауатты және тәжірибелі маман. Ағымдағы жылы 21 нысанда бақылау жүргізіп, 26 әкімшілік істі қозғады. 2022 жылдан бастап осы кезеңге дейін ұсынылған нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 462.3-бабы бойынша 4 әкімшілік материалдарын сотқа жолдады.
ШҚО ТЖД басшылығы мен әріптестері Диасты жетістігімен құттықтап, Өскемен қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нағыз кәсіпқой маманмен қызмет атқаратынын мақтан тұтады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі