Демалыста құтқарушылармен бірге

Демалыста құтқарушылармен бірге

Жазғы демалыс кезінде ШҚО ТЖД құтқарушылары балалар үшін қуана қарсы алатын және жиі келетін қонақтар болып табылады. Ұлдар мен қыздардың демалысы қауіпсіз болуы үшін ТЖ қызметкерлері демалыс лагерьлеріне барып, онда көптеген түрлі іс-шаралар өткізеді, техниканы, жауынгерлік киімдерді көрсетіп, жас ұрпақты қауіпсіздік шараларымен таныстырады.

Сонымен, балалар көп уақытын жазда су объектілеріне жақын жерде өткізеді және сонымен бірге демалудың осы түрінің қауіпсіздік ережелерін әрдайым сақтай бермейді.

Құтқарушылар  "Көшбасшылар клубы" жазғы лагеріне барып, ұлдар мен қыздарға қауіпсіздік шараларын үйретті.

"Біз өз жқмысымызда балалардың демалысына ерекше назар аударамыз және алаңдаймыз, өйткені оқиғалар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан балалармен жұмыс-ШҚО ТЖД қамқорлығымен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың көптеген түрлерінің бірі. Сондай - ақ, біз шомылуға тыйым салынған орындарды үнемі қарауылдаймыз, полиция қызметімен бірге қауіпсіздікті бұзушыларды анықтаймыз, сондай-ақ су айдындарының жанында демалу кезінде қателіктерден сақтандырып, тұрғындармен әңгімелесеміз", - деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Балалар үшін құтқарушылар теориялық нұсқаулар берді, алғашқы көмек көрсету ережелерін үйретті, суға баяу, біртіндеп оңтайлы тереңдікке кіріп, әрдайым тек жабдықталған шомылу орындарына және тек ата-аналарымен бірге бару керек екенін еске салды. Сондай-ақ лагерьдегі балаларға өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезіндегі тәртіп ережелері үйретілді. Сабақ соңында құтқару шеңберін, "Александров арқанын" пайдалану дағдылары бойынша практикалық жаттығулар өткізілді және азаматтардың қауіпсіздігін күзетуде қызмет атқаруға қатысатын кинологиялық есеппен таныстырылды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі