Шығыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталуда

Шығыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталуда

Шығыс Қазақстанда аптап ыстық жалғасуда. 08 маусымда ауа температурасының 41 градусқа дейін көтерілуі туралы дауылдық ескерту жарияланды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

"Өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар қатарынан 46 мобильді топ құрылған. Профилактикалық рейдтер нәтижесінде 32 бұзушы анықталып,  әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Бастапқы кезеңде жануды жедел бақылау үшін ШҚО ТЖД қызметкерлері космомониторингті пайдаланады. Бүгінгі таңда ғарыштық технологиялардың көмегімен 270 сурет түсірілді, 77 жылу нүктесі тіркеліп, және олар жедел пысықталды.

"Жанудың негізгі пайызы азаматтардың отпен абайсыз қарым-қатынасына және қарапайым қауіпсіздік шараларын бұзуына байланысты", - деді Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД тұрғындарға мынаны еске салады:

Қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеуі қажет.  Бұл кезеңде шөпті өртеуге болмайды. Орманда от жағуға болмайды. Балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіру керек. Жол жиектерімен жүріп келе жатып, көліктердің терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын лаұтыруға жол бермеңіз. Рұқсат етілмеген от жағу, құрғақ шөптің бақылаусыз жануы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз.

Өрт анықталған жағдайда дереу "101" және "112"телефондары арқылы хабарлаңыз.