ШҚО құтқарушылары су айдындарында патрульдеуді күшейтті

ШҚО құтқарушылары су айдындарында патрульдеуді күшейтті

Шығыс Қазақстанда 30 градустан жоғары аптап ыстық сақталады. Қауіпсіздік мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары су айдындарында патрульдеуді күшейтті. Шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы 100-ге жуық профилактикалық рейдтер өткізілген.  

Жазатайым оқиғалар көп жағдайда рұқсат етілмеген жағажайларда бақыланады. ТЖ қызметінің мамандары "бұзушылармен"  нұсқамалар жүргізеді, белгіленген тыйым салынған белгілерге немқұрайлы қарау қауіпті екенін және қауіпсіздік нормаларына сәйкес жабдықталмаған су айдындарының қандай «тосынсый» дайындағынын болжау мүмкін еместігін айтып берді.

"Аптап ыстық басталысымен патрульдеу күшейе түсті, оның ішінде қайықтардың көмегімен біз демалушылар уақыт өткізуді ұнататын жетуі қиын орындар мен "жабайы жағажайларға" барамыз. Мұндай кәсіби бақылау су айдындарындағы оқиғалардың қаупін азайтуға бағытталған", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Қауіпсіздік шараларын бұзу қазірдің өзінде бірінші жазатайым жағдайға әкелді. 04 маусымда Алтай ауданында Бұқтырма су қоймасындағы Прибрежный кентінде 1975 жылы туған ер адам рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде суға батып кетті.

Ағымдағы жылы облыс аумағында 5 коммуналдық жағажай жұмыс істейтін болады: 2 - Алтай ауданында, 2 – Өскеменде, 1-Ұлан ауданында, сондай - ақ Катонқарай ауданында және Риддер қаласында жағажайлар ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің жаңа қаулысы бойынша шомылуға арналған 21 учаске анықталды және 74 орынға тыйым салынды. Адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында тыйым салынған шомылу орындарында 22 тыйым салу белгісі орнатылды.

ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды бұл ақпаратқа бей-жай қарамауға шақырады.

ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің баптарына сәйкес: 364 - жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және 412 - су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамағаны үшін жауапкешілік көзделген.

ШҚО ТЖД ескертеді:

Жүзу үшін тек жабдықталған жағажайларды таңдаңыз. Суға мас күйінде кіруге және шомылуға қатаң тыйым салынады. Қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылымдардан суға секірмеңіз. Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды. Жүзу шекараларын белгілейтін қалқаннан асып жүзбеңіз. Балаларды судың жанында жалғыз қалдырмаңыз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.