ШҚО құтқарушылары тұрғындардан су айдындарында болған кезде мұқият болуды сұрайды

ШҚО құтқарушылары тұрғындардан су айдындарында болған кезде мұқият болуды сұрайды

ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифингте ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков өңірде алдағы күндері 41 градусқа дейін қатты ыстық  болатынынына назар аударды. Тұрғандар құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайлы қарамай, назардан тыс қалдырмауы керек. Жүзу үшін тек жабдықталған жағажайларды таңдаңыз. Құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін жерде құтқару құралдары бар және су қоймасының түбі тексеріледі. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларды ересектердің қарауынсыз су айдындарына жібермеңіз. ​

Құтқарушылардың бірнеше мәрте ескертулеріне қарамастан, 04 маусымда Алтай ауданында, Бұқтырма су қоймасындағы Прибрежный кентінде 1975 жылы туған ер адам рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде суға батып кетті. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Руслан Орынбеков ыстық ауа-райына қарамастан, су әлі жеткілікті жылынбағанын және шомылу кезінде адамның денесі тартылып қалуы мүмкін екенін атап өтті. Суға түспес бұрын дайын болу керек, денені алдын ала қыздыру керек, ал судың температурасы 20 градустан төмен болмауы керек. Ағымдағы жылы облыс аумағында 5 коммуналдық жағажай жұмыс істейтін болады: 2 - Алтай ауданында, 2 – Өскеменде, 1-Ұлан ауданында, сондай - ақ Катонқарай ауданы мен Риддер қаласында жағажайлар ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің жаңа қаулысы бойынша шомылуға арналған 21 учаске анықталды және 74 орынға тыйым салынды. Адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында тыйым салынған шомылу орындарында 22 тыйым салу белгісі орнатылды. ШҚО ТЖД мамандары демалушыларды бұл ақпаратқа немқұрайлы қарамауға шақырады, өйткені бұл жерлерде қатты ағыс, шұңқырлар болуы ықтимал.

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің баптарына сәйкес: 364 - жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және 412 - су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі