ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Демалыс күндері Шығыс Қазақстанда терек мамығы өртенген 5 оқиға сөндірілді және күн сайын тәулігіне 15-20 жағдайға дейін жететін шөптің көптеген жануына қарсы күрес жүргізілуде. ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша мұндай өрттерді сөндірудің қиындығы өрттің үлкен аумақтарға жылдам таралуы. "Алдағы күндері облыста қатты ыстық ауа-райы сақталады, кей жерлерде 41 градусқа дейін жетеді. Тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы қажет. Өрт қауіпті кезеңде облыста өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 300-ге жуық адамнан тұратын 46 мобильді топ құрылған. Уақтылы алдын алу және жүргізілген 280-ден астам рейдтің арқасында  өрт қауіпсіздігін бұзған 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- терек мамығы ең кішкентай от көзінен тұтанады, жоғары жылдамдықпен және жоғары қарқындылықпен жанады. Тұрғындар отты барлық түрін пайдаланған кезде абай болу керек.

- коммуналдық қызметтер мен халыққа аулаларды, тротуарларды, гараж кооперативтері қоқыстан тазартсын. қауіпсіздік пен тиімділік үшін қауіпті аймақтарға су шашып отырған ылғалдандырған дұрыс.

- сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыз. Ата-аналар, балаларға сіріңке мен оттықпен ойнаудың қауіптілігі туралы айтыңыз

- жол жиегінен өтіп бара жатқанда шөпті өртеуге және от жағуға жол бермеңіз, көліктердің терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарының тастамаңыз

- аудандарда өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеу

- жазғы саяжайларда: алғашқы өрт сөндіру құралдарын қол жетімді жерде ұстаңыз: су құйылған бөшке, өрт сөндіргіш

Рұқсат етілмеген от жағу, құрғақ шөптің бақылаусыз жануы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.