ШҚО ТЖД құтқарушылары суға батқан адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігін айтты

ШҚО ТЖД құтқарушылары суға батқан адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігін айтты

Суға батып бара жатқан адамдардың 80 пайызынан астамына алғашқы минуттарда дұрыс көмек көрсетілсе, аман қалады. Әрине, бұл құтқарушылар мен дәрігерлер болса жақсы, бірақ адам сіздің көз алдыңызда батып кететін жағдайлар да болады. Егер сіз өзіңіздің қабілеттеріңізге сенімді болсаңыз және жақсы жүзе білсеңіз мына ережелерді ескерген жөн:

1.Сіз батып бара жатқан адамға артқы жағынан жүзіп келуіңіз керек. Оны құшақтап алып, жағаға қарай жүзіңіз. Егер батып бара жатқан адам сіздің мойныңыздан немесе қолыңыздан ұстап алса және ол байбалам салса  - сүңгіп кетіңіз. Ол инстинктивті түрде суда қалуға тырысады және сізді қармағынан босатады.

2.Егер адам су астында 6 минутқа дейін болса, оны құтқаруға мүмкіндік бар. Адам жүрегі бірден тоқтап қалмайды. Судан шығарған кезде жүрек қызметі жанама жүрек массажын қажет етпейтіндей әлсіз болса да соғып тұрады. Сондықтан негізгі реанимациялық шаралар өкпені жасанды желдету болады.

3.Тыныс алу жолдары мен асқазаннан су мен көбікті кетіру үшіг тізені  бүгіп суға батқан адамды асқазанымен тізеге жатқызу және кеудесін қысу арқылы жүзеге асырылады - бұл әрекеттер бірнеше секунд болуы керек.

4.Жоғарғы тыныс жолдарын босату: сұқ саусаққа дәке орап саусақпен ауыздағы шырыштан, құсықтан, қоқыстап тазартыңыз.

Өкпенің жасанды желдетуі келесідей жасалады - бір қолы мойынның астына қойылады, екіншісі жәбірленушінің маңдайына қойылып, басын шалқайтады. Ауа шықпас үшін мұрынды қысады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің аузын аузымен мықтап жауып, оның тыныс алу жолына дем береді. Егер зардап шеккен адамның тамыр соғысы сезілмесе, оны дереу арқасына жатқызып тікелей емес жүрек массажын бастаңыз. Зардап шегушіні қатты, тегіс бетке жатқызыңыз, білекті түзу ұстап адам денесіне перпендикуляр тұрып, кеуде ортасына 2 см жоғары қойыңыз. Массаж кезінде иық белдеуінің бүкіл салмағымен қысым жасау үшін қолды түзу созыңыз. Кеудеге массажды бастаңыз. Қысым жиілігі минутына 100-120 рет. 30 рет қысым жасаңыз, содан кейін қайтадан 2 рет тыныс беру керек.