Құтқарушылар аймақта мамықтың өртенуімен күресуде

Құтқарушылар аймақта мамықтың өртенуімен күресуде

Маусым айында облыста әдетте мамықтың өртенуі салдарынан өрт оқиғалары жиілейді. Өрт сөндірушілер күніне 10 ретке дейін сөндіруге шығады. Көбінесе, бұл тұрғындардың отпен абайсыз болуы және балалардың мамықты өртеп, жалынның таралуын қызығушылықпен бақылап отыруы.

Мамық жанғыш ұнтақ сияқты жоғары жылдамдықпен жанып, жан-жаққа от шашады. Сонымен қатар теректің мамықтары гараждарға, тұрмыстық құрылыстарға және көп мөлшерде мамық жиналған жақын маңдағы үйлерге қауіп төндіреді.

ШҚО ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:

- Мамықтардың жиналатын жерлерді, әсіресе ағаштан жасалған ғимараттардың жанын үнемі тазалап, су шашу керек, балалар мен жасөспірімдерге оны өртеуге жол бермеу.

- Балалардың терек мамығын өртеп, ойнауына жол бермеу;

- Кәсіпорындар мен мекемелер темекі шегу режиміне бақылау орнату;

- Алау жағуға және қоқысты жағуға қатаң тыйым салу;

- Дәнекерлеу  және басқа да өрт жұмыстарына мұқият дайындалу;

Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі