
Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаздың алғашқы күнімен келетін мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты жəне жыл сайын асыға күтетін басты мереке.
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – елге ие болатын білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы.
Сондықтан ата-ана үшін де, елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор.
Елімізде жеткіншектердің білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық жағдай жасалған.
Тұғыры биік мемлекеттің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында.
Бүлдіршіндеріміздің болашақтары жарқын, аспандары ашық болсын!