Сақ болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

Сақ болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға – желдің күшеюіне және ауа температурасының күрт жоғарлауына, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты 20-23  наурыз аралығында қар көшкінінің өздігінен жүруі мүмкін. ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көптеген қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді - ол жерге тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез кетіңіз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса - ұялы телефоннан барлық шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай нөмірі - "112".

 

ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі