Құтқарушы-Чебурашка қауіпсіздік шараларын үйретуде

Құтқарушы-Чебурашка қауіпсіздік шараларын үйретуде

ШҚО құтқарушыларының қауіпсіздік негіздерін оқытудағы креативтілігі қарқын алуда. "Зомби", "Қоян", "Балықтан" кейін Шығыс Қазақстан ТЖ қызметкерлері биылғы жылы ең танымал кейіпкер – Чебурашканы пайдаланды. Костюм бірнеше апта бойы дайындалды. Олар оны өрт сөндірушінің жауынгерлік киімімен қаруландырды, сондықтан Чебурашка құтқарушылар қатарынан екендігі түсінікті болды.
"Чебурашка" фильмін 10,5 миллионнан астам көрермен тамашалады және оны көргісі келетіндер саны әліде өсуде. Сондықтан біз алдын-алу шараларын насихаттау үшін осы кейіпкерді таңдау туралы шешім қабылдадық. Оны көптеген жылдар бойы ересектер мен балалар бірдей жақсы көреді.  Алдымен чебурашка болып киінген құтқарушылар балабақшаға барып, балаларға өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін айтып берді, ал шұғыл жағдайда әрекет етуге үйрету үшін фильмдегі құлақты кейіпкер балаларға арнайы эстафета өткізіп, өртті сөндіруді үйретті", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Содан кейін желет киген құтқарушы Чебурашка мұзға шығып, балықшыларға көктемгі мұздың қауіптілігі туралы нұсқау беріп, тәуекел етпеу, керсінше ТЖ қызметінің нұсқауларына сәйкес әрекет ету керек екені туралы ұсыныстары бар арнайы жадынамалар тапсырды.