Пәтердегі өрт кезінде Өскеменнің отпен күресушілері ер адамды құтқарды

Пәтердегі өрт кезінде Өскеменнің отпен күресушілері ер адамды құтқарды

Бүгін облыс орталығында Островский көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шықты. Бірінші қабаттағы тұрғын жайда жеке киім-кешектер, жихаз, еден жанды. Келіп жеткен өрт бөлімшесі алаңы 5 шаршы метр болатын жануды жедел түрде жойды. Қауіпсіздік мақсатында 9 тұрғын эвакуацияланды. Өрт ошағы болған, түтінденген пәтерге кіріп, №4 ӨСБ қызметкерлері 1945 жылы туған, пәтер иесін құтқарды, сонымен қатар отпен күресушілерге көрші тұратын, №6 ӨСБ-нен олардың әріптесі Аслан Мұқашевта көмектесті. Ол осы уақытта ауысымда жұмыста емес еді, әрбір ТЖ қызметі қызметкері ретінде бей-жәй қала алмады. Өртті жоюға барлығы 10 отпен күресуші және 4 бірлік техника тартылды. Өрт сөндірушелер өртті сөндіру кезінде пәтерден 2 газ баллонын сыртқа шығарады.

Өрт себебі ретінде – темекі шегуде  отпен абайсыз болу нұсқасы қарастырылуда.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды ескертеді.

Ешқашанда пәтерлерде электр құрылғыларын тоққа қосып қалдырмаңыздар.

Шылым шеккен кезде отпен абай болыңыздар.

Электр сымдары зақымдануларын және бұзылушылықтарды уақтылы жөндеңіздер. Барлық өрттердің 45% адамдардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауға немқұрайлы қараулары немесе білмеулерінен болады. Профилактикалық шараның бірі, ол отпен жұмыс жасағанда адамдардың мінез-құлық мәдениетін жоғарылату, қарапайым сақтық шаралары болып табылады.

Өрт туындаған жағдайда жедел түрде 101 және 112 телефонына хабар беріңіз. Тыныс алу органдарын дымқыл матамен жауып, тез арада түтінденген жайдан шығып кетуге тырысыңыз.


ШҚО ТЖД баспасөз-қызмет