Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Oskemenbus мобильді қосымшасы жаңа жаңартуды алды. Қолданбаның жаңа нұсқасын Google Play және App Store қосымшаларынан жүктеуге болады.
Қала тұрғындарына арналған жаңартылған Oskemenbus қосымшасында кері байланыс мүмкіндігі пайда болды. Осы функцияның арқасында қоғамдық көлік жолаушылары қосымша арқылы "Өскемен қаласы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" ЖШС-нің қарауына шағымдар мен ұсыныстарды тікелей жібере алады.
Ол үшін қолданбаның негізгі мәзіріне өтіп, "Мәселе туралы хабарлау" бөлімін таңдау керек. Әрі қарай, онда сіз мәселенің түрін таңдап, өтінішіңізді сипаттауыңыз керек.
Сондай-ақ, өтінішпен бірге, фотосуреттерді де қоса жібере аласыз. Жауап Сіз көрсеткен электрондық поштаға келеді.
Сондай-ақ, әзірлеушілер Dark Themes (Қараңғы режим) функциясын қосты: ол соңғы бірнеше жылда көп сұранысқа ие болды. Қараңғы режим жұмысқа назар аударуға көмектеседі, батареяны үнемдейді және көздің шаршауын азайтады.
Жаңартылған нұсқада кіріспе тренинг пайда болды: кеңестер арқылы қосымшаның мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі. Осы кеңестердің арқасында пайдаланушылар Оskemenbus қосымшасының функционалдығын жақсы білетін болады.
"Мобильді қосымша тұрақты жұмыс істей бастады: әзірлеушілер өнімділік пен жұмыс жылдамдығын жақсартты, кішігірім қателерді түзетіп, мәліметтер базасынан ақпаратты жүктеуді оңтайландырды. Бірлескен күш - жігермен біз қала тұрғындарының сұраныстарына сүйене отырып, мобильді қосымшаны одан әрі жақсартатын боламыз",- деп "Өскемен қаласы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" ЖШС директоры Карибеков Нурсултан атап өтті.
Oskemenbus мобильді қосымшасы - Өскеменде 2020 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан электрондық билеттеу жүйесінің бөлігі. Осы уақыт ішінде қосымшаны қаланың 100 мыңнан астам тұрғыны жүктеді.