ШҚО ТЖД құтқарушылары ЖКО-ға түскен автокөлік жолаушысын босатты

ШҚО ТЖД құтқарушылары ЖКО-ға түскен автокөлік жолаушысын босатты

27 қыркүйек күні таңғы сағат 03 шамасында Өскемен қаласының Аязбаев көшесінде " ВАЗ-2109 "маркалы жеңіл автокөлік электр беру желісінің тірегіне соғылып қалған. Көлік құралының салоны ішінде артқы орындықта жолаушы қысылып қалды. Оқиға орнына ШҚО ТЖД құтқарушылары жедел келіп гидравликалық құралдың көмегімен олар автокөліктің артқы есігін кәсіби түрде ашып, зардап шегушіні мұқият алып шықты және оны әртүрлі жарақаттармен жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі