Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау ШҚО-да 800 тоннадан астам шөптің жанып кетуіне  себеп болды

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау ШҚО-да 800 тоннадан астам шөптің жанып кетуіне  себеп болды

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 41-ші өрттің салдарынан 800 тоннадан астам шөп өртенді. Өрт сөндірушілер ірі жем-шөп жиналатын ашық аумақта да, шабындықтар аумағында да өртті сөндіруде.

Соңғы өрттердің бірі өткен түнде болды. Катонқарағай ауданы, Алтынбел ауылы, Желтоқсан көшесі, жеке тұрғын үй ауласында 29 тонна шөп өртенді. Құтқарушылар өртті жедел сөндірді.      

Шабындықтарда өрттердің туындауының негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болып табылады. Құтқарушылар атап өткендей, шөп өте қарқынды жанып жатыр, от малдарға тез таралады және оларды бір сәтте жояды.   

 "Өрттің алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және жұмыскерлерімен, саяжай алаптарының тұрғындарымен тұрақты негізде нұсқаулықтар, жиындар өткізіледі, үгіт - насихат материалдары таратылады", - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

ШҚО ТЖД келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін ұсынады:

- Кебендерді орналастыруға арналған алаңдарды периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жырту қажет.

- Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.   

- Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал престелген шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс.

- Жеке қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы қашықтық кемінде 20 метр болуы тиіс.

- Ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстар мен орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта, бөлінген белдеулер мен темір жолдардың күзет аймақтарынан, автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеулерінен және әуе электр беру желілерінің күзет аймақтарынан тыс жерлерде орналастырылады.

- Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі